Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2019 жылғы 4 желтоқсандағы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Облыстық бюджет пен аудандардың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2020-2022 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемі белгіленсін.
2. Аудандардың бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар белгіленсін:
1) 2020 жылға 3 949 814 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 3 949 814 мың теңге;
2) 2021 жылға 4 275 603 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 4 275 603 мың теңге;
3) 2022 жылға 4 905 282 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Қарақия ауданынан – 4 905 282 мың теңге.
3. Облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар белгіленсін:
1) 2020 жылға 12 338 936 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 389 855 мың теңге;
Маңғыстау ауданына – 522 991 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 426 090 мың теңге;
2) 2021 жылға 11 797 314 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 150 580 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 646 734 мың теңге;
3) 2022 жылға 11 851 696 мың теңге сомасында, оның ішінде:
Бейнеу ауданына – 5 030 111 мың теңге;
Мұнайлы ауданына – 6 821 585 мың теңге.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Сессия төрағасы | А. Салманов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |