Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үїшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы № 23/252 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 3833 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 31/358 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 19.05.2020 № 31/358 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Қызметін Ақтау қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі №42/385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-1-156 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 маусымдағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы";

      кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:";

      мемлекеттік тіліндегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.";

      қосымшада:

      мемлекеттік тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "Ақтау қаласында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері";

      келесідей мазмұндағы реттік нөмірі 7 жолмен толықтырылсын:

      "

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

әрбір айырбастау пунктіне

30

      ".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, Ақтау қалалық мәслихатының хатшысыС. Зәкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады