Құрық ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдығы № 131 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 3883 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 қарашадағы қорытындысының негізінде және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Құрық ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Құрық ауылының Авиатор көшесі Ғиззат Балмұқанбетов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Құрық ауылы әкімінің орынбасары (Е.А. Құдайсүгіров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі М. Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады