Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17/111 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 29/239 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 3858 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 50/369 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 10.12.2020 № 50/369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына, 25 бабының 5 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №10-15-167, 2019 жылғы 15 ақпандағы № 10-15-299 ұсыныстарының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/111 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2330 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      10 тармақтың 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      11 тармақ келесідей мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты уәкілетті органмен бекітілген тізім бойынша біржолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.";

      24 тармақ келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Кельбетова Э.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Беришбаева А.) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Төлешов
      Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы А.Досанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады