Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қарасу ауданының Целинное ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы" 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысына (2015 жылғы 17 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 150 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша |
Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы | І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | |||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 30 метр | 0,6 гектар | Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 57,5 метр | 2,0 гектар | Радиусі – 406 метр | 51,8 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай облысы Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – "НурАл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).