Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.04.2019 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.04.2019 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
Әкімдіктің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша |
Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймағы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.04.2019 № 150 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Су тарту көзінің атауы | І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | |||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 30 метр | 0,6 гектар | Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 57,5 метр | 2,0 гектар | Радиусі – 406 метр | 51,8 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қостанай облысы Қарасу ауданының Амангелді ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші – "НурАл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).