Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 434 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қазанда № 8709 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ұзынкөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 14 маусымдағы қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Россия ауылдық округі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округі деп қайта аталсын.

      2. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Суворов ауылдық округінің Суворово ауылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Суворов ауылдық округінің Сатай ауылы деп қайта аталсын.

      3. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Суворов ауылдық округі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округі деп қайта аталсын.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы О. Даниленко
      Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы К. Джаманбалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады