Әкімдіктің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 "Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 528 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 желтоқсанда № 8822 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.06.2021 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы № 437 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8743 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 шілдеде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7134 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен айқындалған Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

18

Қарасу

Октябрь

Железнодорожное ауылы

19

Қарамырза

Қарамырза ауылы

20

Люблин

Люблинка ауылы

      ";

      реттік нөмірлері 32, 33-жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

32

Бейімбет Майлин ауданы

Асенкритов

Асенкритовка ауылы

33

Новоильинов

Новоильиновка ауылы

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады