2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 8841 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы Е. Смышляева
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 467 шешіміне
қосымша

2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1 000 текше метр

134,94

Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қосқанда

1 000 текше метр

384,20

Ауыл шаруашылығы

1 000 текше метр

106,19

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1 000 текше метр

106,19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады