Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда № 8811 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 26.03.2021 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Рудный қаласының Перцев ауылында азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 26.03.2021 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Б. Гаязов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1542 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 26.03.2021 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

      1) фельдшер.

      2. Алып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 26.03.2021 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады