Әкімдіктің 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 1542 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 328 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 наурызда № 9836 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 1542 қаулысына (2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Рудный қаласының Перцев ауылында азаматтық қызметшілер болып табылатын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";

      көрсетілген қаулыға қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Рудный қаласының Перцев ауылында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 2-тармақ алып тасталсын.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі К. Испергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады