Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 11.05.2021 № 93 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 4 маусымдағы № 59 қаулысына (2018 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7845 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында:
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары" 1-тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) кеңейтілген практика мейіргері.";
"Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары" 2-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.";
"Білім саласындағы мамандардың лауазымдары" 3-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталық) басқа);";
"Білім саласындағы мамандардың лауазымдары" 3-тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;";
"Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары" 4-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.".
2. "Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.