Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 197 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қыркүйекте № 8661 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 5,7234 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады