Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне (2014 жылғы 19 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4798 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Колядина |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
Мәслихаттың 2019 жылғы 12 қарашадағы № 347 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 235 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Ырсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Ырсай ауылы көшелерінің атауы | Өкілдер саны (адам) |
1 | Новая көшесі | 3 |
2 | Степная 2 көшесі | 3 |
3 | Степная көшесі | 5 |
4 | Комсомольская көшесі | 3 |
5 | Бамовская көшесі | 1 |
6 | Молодежная көшесі | 1 |
7 | Парковая көшесі | 2 |
8 | Школьная көшесі | 4 |
9 | Набережная көшесі | 3 |
Барлығы | 25 |