Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 230 шешіміне (2014 жылғы 3 маусымда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4799 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Колядина |
Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кабиев |
Жітіқара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 364 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 230 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Степной ауылы көшелерінің атауы | Өкілдер саны (адам) |
1 | Абайская көшесі | 7 |
2 | Целинная көшесі | 9 |
3 | Минская көшесі | 5 |
4 | Цурлуй көшесі | 3 |
5 | Сабуров көшесі | 3 |
6 | Комсомольская көшесі | 1 |
7 | Садовая көшесі | 4 |
8 | Новая көшесі | 1 |
Барлығы | 33 |