"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарасу ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 5 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға өз әрекетін таратады.
Әкімдіктің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 110 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарасу ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері | Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
II табиғи-климаттық аймақ (дала) | ||
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 12 мамыр мен 5 маусым аралығы |
2 | Жаздық қатты бидай | 18 мамыр мен 5 маусым аралығы |
3 | Күздік бидай | 25 тамыз бен 15 қыркүйек аралығы |
4 | Сұлы | 18 мамыр мен 5 маусым аралығы |
5 | Жаздық арпа | 18 мамыр мен 5 маусым аралығы |
6 | Тары | 20 мамыр мен 5 маусым аралығы |
7 | Бұршақ | 18 мамыр мен 31 мамыр аралығы |
8 | Аңқа | 15 мамыр мен 28 мамыр аралығы |
9 | Күнбағыс | 5 мамыр мен 28 мамыр аралығы |
10 | Рапс | 15 мамыр мен 28 мамыр аралығы |