Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 27.01.2020 № 472 шешімімен (халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округтер үшін 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 260 шешіміне (2018 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7883 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы | С. Есментаев |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Аксаутова |