Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 05.02.2020 № 477 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 264 шешіміне (2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7887 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қостанай ауданы Затобол кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
4-тармақтың он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы | С. Есментаев |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Аксаутова |