Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 09.09.2020 № 386 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 11 қарашадағы № 158 шешіміне (2013 жылғы 11 желтоқсанда "Науырзым тынысы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күні – 15 ақпан атаулы күн, Жеңіс күні – 9 Мамыр мереке күні болып табылады.";
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ атаулы күнге және мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:";
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейін немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алған тұлғаларға, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдердің түрлерін алушыларды, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды есептемегенде, оқу жылы ағымында екі бөлікпен аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде, оның ішінде:
өтiнiш жасаудың алдындағы соңғы он екi айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен (бұдан әрi – ең төмен күнкөрiс деңгейi) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;
табыстарын есепке алмай, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар барлық санаттағы мүгедектерге;";
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай, 300 000 (үш жүз мың) теңге мөлшерде;";
қазақ тілінде 7-тармақтың 9) тармақшасындағы "көрсетіледі" деген сөз алынып тасталсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың, ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Атаулы күнге және мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады:
1) 7-тармақтың 8) тармақшасы 2019 жылғы 9 мамырдан бастап;
2) 7-тармақтың 10) тармақшасы 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап.