Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 5/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 6229 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.

      3. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Е. Жазылбекке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Ұ. Жазылбек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Павлодар облысының
      Полиция департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Әубәкіров

  Павлодар облысы әкімдігінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5/1 қаулысына
қосымша

Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 13.10.2023 № 254/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру;

      4) көтермелеудің өзге де шаралары.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн ішкі істер органының ұсынуы бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылатын комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Ақшалай сыйақы мөлшерiн комиссия белгiлейді және айлық есептiк көрсеткiштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеуді Павлодар облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзеді.

      6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Павлодар облысы полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады