Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы "Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" № 5/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 254/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қазанда № 7403-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы "Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" № 5/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6229 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Павлодар облысының
Полиция департаменті"
мемлекеттік мекемесі

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
13 қазандағы № 254/3
қаулысына қосымша

Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру;

      4) көтермелеудің өзге де шаралары.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн ішкі істер органының ұсынуы бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен құрылатын комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Ақшалай сыйақы мөлшерiн комиссия белгiлейді және айлық есептiк көрсеткiштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеуді Павлодар облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзеді.

      6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Павлодар облысы полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады