Павлодар облысы Екібастұз қаласының Екібастұз ауылдық округінің Талдықамыс ауылын тарату туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 412/35 және Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 8 қарашадағы № 9 бірлескен шешімі мен қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 6608 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Талдықамыс ауылын оның аумағын Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Көксиыр ауылының құрамына қоса отырып таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бiрлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады