Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 19.06.2019 № 1-03/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық | |
округінің әкімі | Р. Жаксылыков |