Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 23 мамырдағы № 2-19/260 ұсынысы негізінде, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 наурыздағы "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің Төрт құдық ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Достық ауылдық округінің әкімі | Р. Жаксылыков |