Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 291/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 955/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қазанда № 6559 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1010/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 30.11.2023 № 1010/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облысы мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы" № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 291/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 болып тіркелген, "Отарқа", "Голос Экибастуза" газеттерінде 2016 жылғы 21 сәуірде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Г.Ш. Кадырбаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Е. Иманзаипов

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 955/10 қаулысына
қосымша
  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 291/3 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласының аумағында
стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары

Р/с №

Орналастыру орындары

1

Естай Беркимбаев көшесі (№ 92 және 106 үйлер арасында)

2

Кеншілер көшесі (№ 1 және 5 үйлер арасында)

3

Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 22 үй (аула ішінде)

4

Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 35 үй (аула ішінде)

5

Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі № 47 және Бауыржан Момышұлы көшесі № 40 "А" үйлерінің арасында)

6

Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша № 52/5 үй және Абай көшесі, № 55 бойынша № 26 орта мектеп ғимаратының арасында)

7

Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 149 үй (аула ішінде)

8

Энергетиктер көшесі (№ 65 және 67 үйлер арасында)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады