Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 1114/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6629 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі Е. Иманзаипов

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 1114/11 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санының %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Завод МВИ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

49

1%

1

2

"ЭКИБАСТУЗ ТРАНСНЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

1%

1

3

"БЕРЕКЕ 2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

265

1%

3

4

"R.W.S. Wheelset" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

187

1%

2

5

"Астана ҚАЛА ҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

354

1%

4

6

"Проммашкомплект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

737

1%

7

7

"Тамыр" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

204

1%

2

8

"Промсервис-Отан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

590

1%

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады