Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1-06/01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6323 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бәйет ауылдық округі Атығай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бәйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округі Атығай ауылының келесі көшелері:

      "Первая" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне;

      "Вторая" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;

      "Третья" көшесі "Атамекен" көшесіне;

      "Пятая" көшесі "Иса Байзақов" көшесіне;

      "Шестая" көшесі "Ахмет Байтұрсынов" көшесіне;

      "Седьмая" көшесі "Сарыарқа" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйет ауылдық округінің әкімі Д. Амантай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады