Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Қоянды ауылдық округінің Қоянды және Құрылысшы ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 12 шілдедегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылындағы келесі көшелер:
"Интернациональная" көшесі "Шаңырақ" көшесі;
"Механизаторов" көшесі "Жеңіс" көшесі;
"Животноводов" көшесі "Кеңес" көшесі;
"Новоселов" көшесі "Жаңа ауыл" көшесі;
"Строительная" көшесі "Көктем" көшесі;
"Горняков" көшесі "Кенші" көшесі болып қайта аталсын.
2. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Құрылысшы ауылындағы "Зеленая" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоянды ауылдық округінің әкімі | А. Хакимов |