Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Мүткенов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылдық округінің Мүткенов ауылындағы келесі көшелері мен тұйық көшесі:
"Береговая" көшесі "Ертіс" көшесі;
"Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;
"Октябрьская" көшесі "Желтоқсан" көшесі;
"Торговая" көшесі "Астана" көшесі;
"ХХІІ партсъезд" көшесі "Ардагер" көшесі;
"Школьная" көшесі "Мектеп" көшесі;
"40 лет Победы" көшесі "Жеңіс" көшесі;
"Степная" көшесі "Береке" көшесі;
"Интернациональная" көшесі "Қазақстан" көшесі;
"Молодежная", "Западная" көшелері "Жастар" көшесі;
"Садовый" тұйық көшесі "Бірлік" тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Е. Тулеков |