Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 мамырдағы № 335/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6391 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 08.01.2021 № 520/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2 - 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына, Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті өкілетті органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін келісу туралы" № 112/4 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 171/4 қаулысына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 202-5/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3779 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырда "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Ауғанстандағы әскери іс - қимылдарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Д. Поддубный
      Аудандық мәслихаттың
      Хатшысы П. Лампартер
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысының әкімі
      _________________ Б. Бакауов
      2019 жылғы "21" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады