Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердімемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
9-тармақтың 10-6)тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацында "7" саны "10" санымен ауыстырылсын;
9-тармақ келесі мазмұндағы 10-8) тармақшамен толықтырылсын:
"10-8) атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасыларға;";
10-тармақтың 2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"осы Қағидалардың 9-тармағының 10-8) тармақшасында көрсетілген санаттарға коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, халықты жұмыспен қамту орталығымен ұсынылатын тізімнің негізінде.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Т. Сарсенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |