2020 жылға Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 273/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 6590 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бейсекин

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "31" қазандағы
№ 273/6 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Ертіс ауданы бойынша ата-анасынан
кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындары квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға арналған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

224

1%

2

2

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1%

2

3

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

52

1%

1

4

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ертіс аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

275

1%

3

5

"УРАЗБАЕВ" шаруа қожалығы

65

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады