Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Майқоңыр ауылы әкімінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 1-03-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 ақпанда № 6259 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының Майқоңыр ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Майқоңыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Майқоңыр ауылының келесі көшелері:

      "Дзержинского" көшесі "Астана" көшесі болып;

      "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Қ. Нұрғажинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады