Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі "Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 120/2 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 206/4 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24156 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі "Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 120/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауданының әкімі С. Батыргужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады