Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 21.09.2022 № 98/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Аққулы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
3. Лебяжі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" № 24/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық сектор, экология, энергетика, көлік және байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2 - тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.
Сессия төрағасы | Қ. Жиеналин |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Мүсінова |