Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 09.09.2019 № 1-17/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 1-28/68 ұсынысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданының Жамбыл ауылдық округінде орналасқан "КХ "РАССВЕТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Аққулы ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) , "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Аққулы ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Айтуғанов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Аққулы ауданының ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Қ. Тлеуғабыл |
2019 жылғы "30" мамыр | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Аққулы аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ғ. Сағалов |
2019 жылғы "30" мамыр | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау | |
комитеті Павлодар облысы Қоғамдық | |
денсаулық сақтау департаментінің | |
Аққулы ауданының қоғамдық денсаулық | |
сақтау басқармасы" республикалық | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Т. Сламбеков |
2019 жылғы "30" мамыр |