Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек ауылдық округі әкімінің 20.11.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Көктүбек ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы Көктүбек ауылдық округінде орналасқан "Жанатай" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың ринопневмания ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көктүбек ауылдық | |
округі әкімі | С. Сагинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Май аудандық | |
аумақтық инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Н. Жумабаев |
2019 жылғы "25" маусым | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Май ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Е. Ахметов |
2019 жылғы "25" маусым |