Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 1-21-12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 6331 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 1-21-45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 18.11.2019 № 1-21-45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының аймағында ауылшаруашылық жануарлардың қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Павлодар облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Павлодар аудандық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кеңес ауылдық округінің әкімі А. Бердыханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Павлодар аудандық аумақтық
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Кұрманғазин
      2019 жылғы "24" сәуір
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасының денсаулық
      сақтау министрлігінің Қоғамдық
      денсаулық сақтау Комитетінің
      Павлодароблысы Қоғамдық
      денсаулық сақтау департаментінің
      Павлодар аудандық денсаулық
      сақтау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Сұлтанғалиев
      2019 жылғы "25" сәуір
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Тлеуленов
      2019 жылғы "24" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады