Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 1-21-45 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 6617 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 4 маусымдағы № 2-36/288 ұсынысы негізінде, Кеңес ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының аймағында қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі "Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округінің Новоямышево ауылының аймағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-21-12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Бердыханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Павлодар аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Кұрманғазин
      2019 жылғы "14" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігінің
      Тауарлар мен көрсетілетін
      қызметтердің сапасы мен
      қауіпсіздігін бақылау комитеті
      Павлодар облысының тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау департаментінің
      Павлодар аудандық тауарлар
      мен көрсетілетін қызметтердің
      сапасы мен қауіпсіздігін
      бақылау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Сұлтанғалиев
      2019 жылғы "14" қараша
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Павлодар ауданының
      ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысының
      міндетін атқарушы Х. Оразбеков
      2019 жылғы "14" қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады