Успен ауылдық округінің аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 6618 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Успен ауданы Успен ауылдық округінің аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен ауылдық округінің әкімі Д. Аспанов

  Успен ауданы Успен ауылдық
округінің әкімінің
2019 жылғы "15" қарашадағы
№ 10 шешіміне
қосымша

Р/с №

Пайдаланушы

Алаңы, гектар

Ұзындығы, метр

Нысаналы мақсаты

Пайдалану мерзімі (жыл)

Жер телімінің орналасқан жері

1

"Қазақтелеком" акционерлік қоғам

0,0002

9,2

Байланыс желілерін пайдалану және қызмет көрсету үшін

10

Успен ауылы, 10 лет Независимости көшесі, 2

2

"Қазақтелеком" акционерлік қоғам

0,0005

63

Байланыс желілерін пайдалану және қызмет көрсету үшін

10

Успен ауылы, Милевский көшесі, 120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады