Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 106/37 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 17 мамырдағы № 191/56 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 6379 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.09.2020 № 266/81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 106/37 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 ақпандағы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Шарбақты ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      1 тармағының 9) тармақшасы жаңа басылымда жазылсын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7 тармағының 6) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;";

      8 тармағының:

      2) тармақшасында:

      екінші абзацтағы "Шарбақты ауылында тұратындарға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 14000 (он төрт мың) теңге мөлшерінде" сөздерімен сандары "15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде" сөздерімен сандарына өзгертілсін;

      үшінші абзацтағы "15000 (он бес мың) теңгеге дейін" сөздерімен сандары "10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сөздерімен сандарына өзгертілсін;

      бесінші абзацтағы "айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сөздері "АЕК" қысқартылған сөзіне өзгертілсін;

      тоғызыншы абзацтағы "30" саны "60" санына өзгертілсін;

      4) тармақшасында:

      алтыншы абзацтағы "5" саны "10" санына өзгертілсін;

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 7-тармағының 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттарға 10 (он) АЕК мөлшерінде (жол жүру үшін) – шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шарбақты орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынан ұсынылған тізім негізінде".";

      9 тармағының:

      1) тармақшасында:

      екінші абзацтағы "Шарбақты ауылында тұратындарға 10000 (он мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 14000 (он төрт мың) теңге мөлшерінде" сандарымен сөздері "Шарбақты ауылында тұратындарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде және ауылдық округтерде тұратындарға 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде" сандарымен сөздеріне өзгертілсін;

      алтыншы абзацтағы "10000 (он мың)" саны "15000 (он бес мың)" санына өзгертілсін;

      2) тармақшасында:

      үшінші абзацтағы "2" саны "4" санына өзгертілсін;

      келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "осы Қағидалардың 7-тармағының 9) тармақшасының төртінші, он бірінші абзацында көрсетілген санаттарға мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар үшін ата-аналық өтемақыға 3 (үш) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ жеке банк опреацияларына лицензиясы бар ұйымдардағы дербес есеп шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжат, тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, өткен тоқсанда отбасының алған табысы туралы мәліметі, мектепке дейінгі ұйымдардан қатысу табелінұсынуменанықтаманың негізінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Маринко
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады