Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 11.12.2020 № 280/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 130/44 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда аудандық "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
екінші абзацтағы "150000 (жүз елу мың) теңге, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5000 (бес мың) теңге сомасында" сандарымен сөздері "500000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі – АЕК)" сандарымен сөздеріне өзгертілсін;
төртінші абзацтағы "айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)" сөздері "АЕК" қысқартылған сөзіне өзгертілсін;
жетінші абзацтағы "10 АЕК" сандарымен қысқартылған сөзі "50000 (елу мың) теңге" сандарымен сөздеріне өзгертілсін;
сегізінші абзацтағы "10 АЕК" сандарымен қысқартылған сөзі "50000 (елу мың) теңге" сандарымен сөздеріне өзгертілсін;
он бірнші абзацтағы "10 АЕК" сандарымен қысқартылған сөзі "50000 (елу мың) теңге" сандарымен сөздеріне өзгертілсін;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Маринко |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Шпехт |