Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 196/58 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 6447 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 303/27 бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Маринко
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Шпехт

  Шарбақты аудандық
мәслихатының 2019
жылғы 19 маусымдағы
№ 196/56 шешіміне
қосымша

Шарбақты аудандық мәслихатының
кейбір күші жойылған шешімдердің тізбесі

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 145/48 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4066 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 148/48 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4071 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 153/48 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі "Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдарының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 154/48 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4074 тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады