Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 19.06.2019 № 196/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің Красиловка ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің Красиловка ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнама және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | В. Лямцев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Абдрахманов |
Шарбақты аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 148/48 шешімімен Бекітілген |
Шарбақты ауданы Красиловка ауылының
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің Красиловка ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабына, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің Красиловка ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің Красиловка ауылы аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Красиловка ауылдық округінің әкімі шақырады.
Шарбақты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл аумағында бөлек жиынды өткізуді Красиловка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шарбақты ауданы Красиловка ауылдық округі әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары Шарбақты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Красиловка ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.