Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 1/108 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 1528 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері, осы қаулының қосымшасына сәйкес, белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 19 ақпандағы
№ 1/108 қаулысына қосымша

Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі:

      1) қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу мәселелері қалалық қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) қаралады;

      2) құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына "Алматы қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі ұсынады;

      3) Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады;

      4) ақшалай сыйақының мөлшерiн Комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн ескере отырып белгiлейдi;

      5) ақшалай сыйақыны есептеу жұмыс нәтижелерін ескере отырып, және азаматтардың қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын күндерінен, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге қатысу қосындысынан жүзеге асырылады;

      6) көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Алматы қаласының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жекелеген бағдарламамен көзделедi;

      7) Алматы қаласының Полиция департаменті ақшалай сыйақымен байланысты емес азаматтарды көтермелеуді өз бетінше жүзеге асырады.

      3. Ақшалай сыйақының мөлшерi – 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады