VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХLIII сессиясының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 314 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 4 наурызда № 1529 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңы 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII сессиясының төрағасы
Ф. Мерхамиткызы
      VI сайланған Алматы қаласы
маслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLIII
сессиясының 2019 жылғы
22 ақпандағы № 314
шешіміне қосымша
VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXI
сессиясының 2017 жылғы
15 қыркүйектегі № 147
шешіміне қосымша

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

Жобаның атауы Бюджеттік бағдарламаның жауапты әкімгері (мемлекеттік әріптес)

1.

Велосипедшілерді дайындай отырып, велотректі басқару

Алматы қаласы Спорт басқармасы

2.

Алматы қаласындағы "№ 2 мамандандырылған олимпиада резервіндегі балалар-жасөспірімдер мектебі ("Спутник") коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мүліктік кешенін басқару

Алматы қаласы Спорт басқармасы

3.

Мектептер жанындағы дене шынықтыру- спорт аймақтарының мүліктік кешенін басқару

Алматы қаласы Білім басқармасы

4.

Қоғамдық көлікті диспетчерлеу

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

5.

Алматы қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқарудың кешенді жүйесін енгізу

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы

6.

Алматы қаласының жеке меншік бала бақшаларында мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды ұйымдастыру

Алматы қаласы Білім басқармасы

7.

Алматы қаласының көше-жол желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

8.

Алматы қаласының аумағын көгалдандыру

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы

9.

Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды жаңғырту

Алматы қаласы Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы

10.

Алматы қаласында жеңілрельсті көлік (жүрдек трамвай) желілерінің құрылысы, пайдалану, қызмет көрсету

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

11.

Алматы қаласында жаяу жолдарды, аялдама қапталдарын және алаңдарды орташа жөндеу

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы

12.

№ 5 қалалық клиникалық ауруханасының мүліктік кешенін қайта жаңарту және эксплуатациялау

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады