Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясының 2024 жылғы 14 мамырдағы № 115 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 мамырда № 1772-02 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

      М. Отыншиев

  Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 115 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген).

      2. "VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту турал" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 314 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1529 болып тіркелген).

      3. "VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 359 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1566 болып тіркелген).

      4. "Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 491 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1653 болып тіркелген).

      5. "Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 "Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірк еу тізілімінде № 1702 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады