Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің Тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 2/329 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 мамырда № 1562 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес, бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 27 мамырдағы
№ 2/329 қаулысына қосымша

Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Мемлекеттік табиғи-қорық
қоры объектілерінің тізбесі

№ р/с

Объектінің атауы

Орналасқан жері

Көлемі, га

1

"Баум тоғайы" Мемлекеттік табиғат ескерткіші

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы

139,5086


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады