Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХLVII сессиясының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 357 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 31 мамырда № 1568 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XLVII
сессиясының төрағасы
И. Байрамуков
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 27 мамырдағы
№ 357 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін берілетін
дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдар

р/с Нозологиясы Атауы Шығарылу түрі / доза / сипаттамалары

1.

Идиопатиялық өкпе фиброзы

Нинтеданиб

Жұмсақ капсулалар 150 миллиграмм.

2.

Созылмалы тромбоэмболиялықтан кейінгі өкпе гипертензиясы

Риоцигуат

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 2,5 миллиграмм, 1,5 миллиграмм, 1,0 миллиграмм.

3.

Анкилозды спондилоартрит, Псориатикалық артрит

Инфиликсимаб

Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ 100 миллиграмм.

4.

Анкилозды спондилоартрит

Этанерцепт

Алдын ала толтырылған шприц-қаламдардағы инъекцияға арналған ерітінді, 50 миллиграмм.

5.

Остеопетроз

Деферазирокс

Таблеткалар 250 миллиграмм.

6.

Буллез эпидермиолизі

Дәке

Дәке, бекітуші, 4 метр х 4 сантиметр, барлық түрдегі, әсіресе буындардағы, сондай-ақ конустық немесе дөңгелек пішінді дене бөліктерін бекіткіш таңғыштарға арналған. Құрамында табиғи талшығы жоғары жұмсақ серпімді бекітілген матадан жасалған дәке; кемінде 160%-дан созылады; берік бекітіледі және жылжып кетпейді; қайнатуға және стерилдеуге төзімді (А буы 134 °С-тан кем емес). Құрамында кемінде 41% мақта, кемінде 29% вискоз, кемінде 30% полиамид бар.

Дәке

Дәке, бекітуші, 4 метр х 10 сантиметр, барлық түрдегі, әсіресе буындардағы, сондай-ақ конустық немесе дөңгелек пішінді дене бөліктерін бекіткіш таңғыштарға арналған. Құрамында табиғи талшығы жоғары жұмсақ серпімді бекітілген матадан жасалған дәке; кемінде 160%-дан созылады; берік бекітіледі және жылжып кетпейді; қайнатуға және стерилдеуге төзімді (А буы 134 °С-тан кем емес). Құрамында кемінде 41% мақта, кемінде 29% вискоз, кемінде 30% полиамид бар.

Дәке

Кез келген таңғыштарды (буындарда, аяқ-қолдарда) бекітуге және кез келген ауырлық дәрежесіндегі жарақаттарды күтуге арналған мақтадан және вискозадан жасалған дәке. Матаның бекітілген құрылымы мен гипоаллергенді синтетикалық желіммен микротүсірілген сіңдірудің арқасында қосарлы ілінісу әсері бар когезивті бекіткіш дәке. 85% созылмалы. Құрамы: 43% - вискоза, 20% - полиамид, 37% - латекссіз мақта, 8 сантиметр *20 метр.

Дәке

Мақта дәкесі, аса жұмсақ, зарарсыздандырылмаған 3 метр х 10 сантиметр, гипс, синтетикалық және компрессиялық таңғыштар мен шиналар астына жұқа жұмсақ төсеме материал ретінде пайдаланылады. Жоғары сезімталдық терісі бар пациенттер үшін ұсынылады. Механикалық әсер ету және ылғал әсер ету кезінде пішінін сақтайтын гидрофобты бұралған полиэфир талшықтарынан жасалған аса жұмсақ мақта синтетикалық дәке; ерекше ілінісу есебінен қатпарларланып қалмайды және қабат-қабат болып оңай оралады, ауа- және секретөткізбейтін, температураны қалыпты ұстап тұрады; сәуленуге және стерилдеуге төзімді (А буы 134°С). Картон қораптарға оралған.

Судокрем

Банкіде, 125 грамм (Бензил спирті - 0,39%; Мырыш оксиді - 15,25%; Ланолин /гипоаллергенді/ - 4,00%; Бензилбензоат - 1,01% және бензилциннамат - 0,15%).

Солкосерил

Крем 10% 20 грамм (химиялық және биологиялық стандартталған сау сүт бұзауларының қанынан депротеинделген диализаты).

Офломелид

Жақпа май 30 грамм (офлоксацин 10 миллиграмм, диоксометилтетрагидропиримидин (метилурацил)
40 миллиграмм, лидокаина гидрохлорид (моногидрат нысанында) 30 миллиграмм).

Бепантен (декспантенол)

Жақпа май 5% 100 грамм.

Октенисепт

Спрей 250 миллилитр.

Липикар

Лосьон 250 миллилитр.

Сулықтар

50 дана ылғалды гигиеналық сулықтар; мата емес материалдан, сусыз және сабынсыз қолданылады. Құрамында спирт жоқ. Тері үшін бейтарап рН факторы. Дәрілік түймедақ сығындысы антисептикалық, қабынуға қарсы әсер етеді. Жатқан науқастарды күту кезінде, интим гигиенасы үшін; сапарда теріні тазарту үшін; ауысымдық тәуліктік жұмыс режимінде қолданылады. Дерматологиялық сынақтан өткен және клиникалық тексерілген. Сулықтың өлшемі: 200 х 300 миллиметр, орамада 50 дана.

Дәке

Жұмсақ силикон байланысу қабатымен (Safetac технологиясы) және булануға арналған және су өткізбейтін 20 сантиметр *50 сантиметр сыртқы пленкамен жабылған көбік пенополиуретаннан жасалған икемді сіңіргіш жіңішке төсемдер (Safetac технологиясы).

Дәке

Жұмсақ силикон байланысу қабатымен (Safetac технологиясы) және булануға арналған және су өткізбейтін 15 сантиметр *15 сантиметр сыртқы пленкамен жабылған көбік пенополиуретаннан жасалған икемді сіңіргіш жіңішке төсемдер (Safetac технологиясы).

Дәке

Стерильді таңғыш, құрамы: ара балауызы 96,9%-дан кем емес; балауыз массасына 3,0%-дан кем емес балауыз; Е витамині 15*10 квадрат сантиметрге 1,0 миллиграммнан кем емес. Жабынның бетіне 10 сантиметр *10 сантиметр Левомеколь жақпа майы жағылған.

Дәке

Атравматикалық гипоаллергенді жақпа таңғыш ірі ұяшықты ауа және секретөткізбейтін мақтақағазды матадан. Май құрамы: ақ вазелин, балауыз, май қышқылдары. Стерильді, бір данадан басылған, 10 сантиметр *20 сантиметр.

Дәке

Құрамында фармпрепараттары жоқ, майлы, ылғал мен экссудат үшін өтетін торлы таңғыш, 10 x 20 сантиметр. Бейтарап көрсеткіштері бар май сіңдірілген. Майдың қалың қабаты тіпті күшті экссудацияда шайылмайды. Қажетті өлшемдердің кесінділеріне оңай кесіледі. Таңғыш ұзақ қолданғанда тиімді, теріні тітіркендірмейді. Гипоаллергенді қасиеттері бар. Жақпада ақ вазелин бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады