Алматы қаласының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 3/447 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 1571 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 94 бабының 2 тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындары, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 3/447 қаулысына қосымша

Алматы қаласының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында
жаппай демалу, туризм және спортқа арналған орындар

№ р/с Су объектісінің атаулары Тұрғындардың жаппай демалу орындары Орналасқан жерлері

1.

Д.Қонаев атындағы ҮАК

жағажай

Баум тоғайы

2.

Д.Қонаев атындағы ҮАК

жағажай

Гүлдер демалыс аймағы

3.

Сайран көлі
(Алмалы ауданы)

жағажай

Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 200 метр жерде

4.

Сайран көлі
(Әуезов ауданы)

жағажай

Төле би көшесінен пирске дейін оңтүстік бағытта 300 метр жерде


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады